Навигация

Телефоны доверия

8 (7282) 25-41-63
8 (7282) 25-35-82

Жетісу адалдық алаңы

Опросы

Как вы оценивайте работу спортивных организаций районого/областного уровня по 5 бальной шкале?

1 балл
2 балла
3 балла
4 балла
5 баллов


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 43

Новости

Алматы облысы спортшыларының 2019 жылғы 19-25 тамыз күндері аралығында республикалық және халықаралық жарыстарға қатысуы туралы АҚПАРАТ

Категория: Новости
Дата: 28.08.2019
Просмотры: 28 Печать страницы
Алматы облысы спортшыларының 2019 жылғы 19-25 тамыз күндері аралығында республикалық және халықаралық жарыстарға қатысуы туралы АҚПАРАТ

I. 2019 жылғы 15-19 тамыз күндері аралығында Ақтөбе қаласында жүзу спорт түрінен мүгедек-спортшылар арасында Қазақстан Республикасының V Паралимпиадалық ойындары өтті.

Аталған жарысқа 13 командада 130 спортшы қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша Алматы облысының спортшылары 5 алтын, 3 күміс, 1 қола медальдарды иеленді.

II. 2019 жылғы 21-25 тамыз күндері Бегаван (Бруней-Даруссалам) қаласында ушу-саньдадан жастар арасында Азия чемпионаты өтті.

Аталған жарысқа 15 мемлекеттен 200 спортшы қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша ұлдар арасында 70 келі салмақта Ильхан Гаппаров күміс, қыздар арасында 60 келі салмақта Фарангиз Гупирова қола медальдарды иеленді.

III. 2019 жылғы 21-25 тамыз күндері аралығында Петропавл қаласында жастар арасында муайтай спорт түрінен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.

Аталған жарысқа 14 командада 240 спортшы қатысты. Алматы облысынан 25 спортшы қатысып, 10 алтын, 5 күміс, 5 қола медальдарды жеңіп алды.

IV. 2019 жылғы 22-25 тамыз күндері аралығында Іле ауданында ересектер мен жастар арасында байдарка мен каноэде есуден Қазақстан Республикасының кубогы өтті.

Аталған жарысқа 13 командада 155 спортшы қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша облыс спортшылары 7 алтын, 2 күміс, 2 қола медальдарды иеленді.

V. 2019 жылғы 22-25 тамыз күндері аралығында Алматы қаласында жекпе-жек сайысынан жастар мен жасөспірімдер арасында Әлем чемпионаты өтті.

Аталған жарысқа 16 мемлекеттен 200-ден астам спортшы қатысты. Алматы облысынан 6 спортшы қатысып, 1 күміс, 5 қола медальдарды жеңіп алды.

VI. 2019 жылғы 23-25 тамыз күндері аралығында Қызылорда облысының Жаңақорған қаласында белбеу күресінен 1999-2001 ж.т. жастар мен қыздар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.

Аталған жарысқа еліміздің облыстары мен қалаларынан 12 командада 150-ге жуық спортшы қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша облыс спортшылары 1 алтын, 2 күміс медальдарды иеленді.

VII. 2019 жылғы 24-25 тамыз күндері аралығында Павлодар қаласында триатлоннан барлық жас арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты және кубогы өтті.

Аталған жарысқа 15 командада 250 спортшы қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша облыс спортшысы Бақытжан Бектенов күміс медальді иеленді.

VIII. 2019 жылғы 25 тамыз күні Қызылорда қаласында футболдан Премьер-Лигадағы командалар арасында Қазақстан Республикасы Чемпионатының XXIV-тур ойындары өтті.

Ойын барысында Алматы облысының «Жетісу» және Қызылорда облысының «Қайсар» командалары кездесіп, 2:0 есебімен «Жетісу» командасы жеңіске жетті.

IX. 2019 жылғы 23-24 тамыз күндері аралығында Талдықорған қаласында еркін күрестен 23 жасқа дейінгі жастар арасында КСРО чемпионы Ә.Айхановты еске алуға арналған Республикалық турнир өтті.

Аталған жарысқа 17 командада 180 спортшы қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша облыс спортшылары 4 алтын, 1 күміс, 3 қола медальдарды иеленді.

Сонымен қатар ағымдағы жылы 23 жасқа дейінгі ерлер арасында өтетін Әлем чемпионатына облыстың 3 спортшысы (Адлан Аскаров, Жұмай Ілияс, Дәулетқазы Есқали) қатысуы жоспарлануда.

 

 

Басқарма басшысы Н. Теңізбаев

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2019. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.