Навигация

Телефоны доверия

8 (7282) 25-41-63
8 (7282) 25-35-82

Жетісу адалдық алаңы

Опросы

Как вы оценивайте работу спортивных организаций районого/областного уровня по 5 бальной шкале?

1 балл
2 балла
3 балла
4 балла
5 баллов


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 40

Новости

Проведенные соревнования

Категория: Новости
Дата: 12.08.2019
Просмотры: 11 Печать страницы
Проведенные соревнования
Алматы облысы спортшыларының республикалық және халықаралық
жарыстарға қатысуы туралы
АҚПАРАТ

 

І. 2019 жылдың 6-10 тамыз күндері аралығында Ташкент (Өзбекстан) қаласында жасөспірімдер арасында Әлем чемпионаты өтті.

Аталған жарысқа 50 мемлекеттен 700 спортшы қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша облыс спортшылары 33 келі салмақта Айдана Сүндетбай мен 37 келі салмақта Әсел Әбубәкір қола медальдарды иеленді.


ІІ. 2019 жылғы 7-11 тамыз күндері Шымкент қаласында каратэ-додан жастар мен жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.

Аталған жарысқа 14 командада 180 спортшы қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша облыс спортшылары 5 қола медальдарды иеленді.


ІІІ. 2019 жылғы 7-11 тамыз күндері Нұр-Сұлтан қаласында садақ атудан жастар мен жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.

Аталған жарысқа 9 командада 150 спортшы қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша облыс спортшылары 10 алтын, 6 күміс, 3 қола медальдарды және командалық есепте 1 орынды иеленді.


ІV. 2019 жылғы 9-11 тамыз күндері Құлсары қаласында еркін күрестен ауыл спортшылары арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.

Аталған жарысқа 14 командада 150 спортшы қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша облыс спортшылары 2 алтын, 1 күміс медальдарды және командалық есепте 2 орынды иеленді.


V. 2019 жылғы 29 қаңтар – 10 тамыз күндері спорттың 43 түрінен Қазақстан Республикасының V жазғы Спартакиадасы өтті.

Аталған жарысқа республиканың облыстары мен қалаларының құрама командалары қатысты. Спартакиада қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте 1 орынды – Алматы қаласы, 2 орынды – Шымкент қаласы, 3 орынды – Алматы облысы иеленді.


VІ. 2019 жылғы 10 тамыз күні Көкшетау қаласында футболдан Премьер-Лигадағы командалар арасында Қазақстан Республикасы Чемпионатының ХХII-тур ойындары өтті.

Аталған ойында Алматы облысының «Жетісу» және Ақмола облысының «Оқжетпес» командалары кездесіп, 1:0 есебімен «Жетісу» командасы жеңіске жетті.

Атырау 1:3 Қайсар
Оқжетпес 0:1 Жетісу
Ертіс 0:2 Тобыл
Тараз 0:1 Қайрат
Шахтер 1:2 Ордабасы
Ақтөбе 2:3 Астана


VІІ. 2019 жылғы 1-9 тамыз күндері Кувейт қаласында бокстан мектеп оқушылары арасында Азия чемпионаты өтті.

Аталған жарысқа 22 мемлекеттен 200 спортшы қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша облыс спортшысы 55 келі салмақта Жасұлан Абдолда қола медальды иеленді.

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2019. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.