Навигация

Телефоны доверия

8 (7282) 25-41-63
8 (7282) 25-35-82

Жетісу адалдық алаңы

Опросы

Какие виды спорта Вы предпочитаете посещать?

Индивидуальные
Командные
Массовые


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 42

Новости

Итоги прошедших соревнований

Категория: Новости
Дата: 08.08.2019
Просмотры: 17 Печать страницы
Итоги прошедших соревнований
Алматы облысы спортшыларының 2019 жылғы 29 шілде – 4 тамыз
күндері аралығында республикалық және халықаралық
жарыстарға қатысуы туралы
АҚПАРАТ

 

I. 2019 жылдың 1-4 тамыз күндері аралығында София (Болгария) қаласында грек-рим және еркiн күресiнен жасөспірімдер арасында Әлем чемпионаты өтті.

Аталған жарысқа 52 мемлекеттен 300 спортшы қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша 48 келі салмақ дәрежесінде Ербол Камалиев қола медальді иеленді.


II. 2019 жылдың 2-5 тамыз күндері аралығында Атырау қаласында таеквондодан ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан Республикасының V жазғы Cпартакиадасы өтті.

Аталған жарысқа 17 командада 300 спортшы қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша облыс спортшылары 2 алтын, 1 күміс, 2 қола медальдарды иеленді.


III. 2019 жылдың 2-8 тамыз күндері аралығында Нұр-Сұлтан қаласында тректегі велосипед спортынан ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан Республикасының V жазғы Cпартакиадасы өтті.

Аталған жарысқа 17 командада 200 спортшы қатысуда. Жарыс қорытындысы бойынша облыс спортшылары 5 алтын, 1 күміс, 5 қола медальдардыжәне командалық есепте 1 орынды иеленді.


IV. 2019 жылдың 4-9 тамыз күндері аралығында Талдықорған қаласында ауыр атлетикадан ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан Республикасының V жазғы Cпартакиадасы өтуде.

Аталған жарысқа 15 командада 150 спортшы қатысуда. Бүгінгі күнгі жарыс қорытындысы бойынша облыс спортшылары 9 алтын, 2 күміс, 4 қола медальдарды иеленді.


V. 2019 жылғы 2-6 тамыз күндері аралығында Талдықорған қаласындағы көгалдағы хоккей стадионында ерлер мен әйелдер арасында көгалдағы хоккейден Қазақстан Республикасының V жазғы Спартакиадасы өтті.

Аталған жарысқа Алматы қаласы, Батыс Қазақстан облысы, Жамбыл облысы, Қызылорда облысы және Алматы облысының командаларынан 100 спортшы қатысты. Жарыс қорытындысы келесідей:

Ерлер арасында 1 орын - Алматы облысы, 2 орын - Қызылорда облысы, 3 орын - Алматы қаласы.

Әйелдер арасында 1 орын - Қызылорда облысы, 2 орын - Алматы облысы, 3 орын - Батыс Қазақстан облысы.


VI. 2019 жылғы 1-5 тамыз күндері аралығында Ақтау қаласында жаға-жай волейболынан Қазақстан Республикасының V жазғы Спартакиадасы өтті.

Аталған жарысқа еліміздің облыстар мен қалаларынан 6 команда қатысып, Алматы облысының командасы 1 орынды (Т. Машкова, И. Цымбалова) иеленді.


VII. 2019 жылғы 3 тамыз күні Ақтөбе қаласында футболдан Премьер-Лигадағы командалар арасында Қазақстан Республикасы Чемпионатының ХХI тур ойындары өтті.

Ойын барысында Ақтөбе облысының «Ақтөбе» және Алматы облысының «Жетісу» командалары кездесіп, 1:2 есебімен «Жетісу» командасы жеңіске жетті.

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2019. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.