Навигация

Телефоны доверия

8 (7282) 25-41-63
8 (7282) 25-35-82

Жетісу адалдық алаңы

Опросы

Какие виды спорта Вы предпочитаете посещать?

Индивидуальные
Командные
Массовые


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 42

Новости

Новости недели

Категория: Новости
Дата: 28.06.2019
Просмотры: 45 Печать страницы
Алматы облысы спортшыларының 2019 жылғы 17 - 23 маусым
күндері аралығында республикалық және халықаралық
жарыстарға қатысуы туралы
АҚПАРАТ

 

 

І. 2019 жылғы 17-19 маусым күндері Қостанай қаласында велоспорттың маунтинбайк түрінен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.

Аталған жарысқа республиканың облыстары мен қалаларынан 11 командада 82 спортшы қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша Алматы облысының спортшылары 3 алтын, 4 күміс, 1 қола медальдарды иеленді.

ІІ. 2019 жылғы 18-23 маусым күндері Көкшетау қаласында грек-рим күресінен жастар арасында халықаралық турнир өтті.

Аталған жарысқа 8 мемлекеттен 150 спортшы қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша Алматы облысының спортшылары 1 алтын, 3 қола медальдарды иеленді.

ІІІ. 2019 жылғы 18-22 маусым күндері аралығында Шымкент қаласында грек-рим күресінен ересектер арасында республикалық турнир өтті.

Аталған жарысқа республиканың облыстары мен қалаларынан 15 командада 220 спортшы қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша Алматы облысының спортшылары 2 алтын, 1 күміс, 3 қола медальдарды иеленді.

ІV. 2019 жылғы 19-29 маусым күндері аралығында Өзбекстан мемлекетінің Ташкент қаласында шахматтан жасөспірімдер арасында Ащзия чемпионаты өтті.

Аталған жарысқа 17 мемлекеттен 120-ға жуық спортшы қатысты. Алматы облысынан 3 спортшы Қатысып, рапид және классикалық түрі бойынша Калиахмет Ельназ алтын, блиц түрінен Өмірсерік Алима қола медальді иеленді.

V.2019 жылғы 20-21 маусым күндері аралығында Степнагорск қаласында еркін күрестен 23 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.

Аталған жарысқа республиканың облыстары мен қалаларынан 7 командада 60 спортшы қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша 50 келі салмақта Құрманбаева Мөлдір және 55 келі салмақта Жүніс Айзада қола медальді иеленді.

VІ. 2019 жылғы 21-25 маусым күндері аралығында Алматы қаласында ерлер мен әйелдер арасында 7-регбиден Қазақстан Республикасының ашық чемпионатының ІІ-туры өтті.

Аталған жарысқа республиканың облыстары мен қалаларынан 10 командада 150 спортшы қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша Алматы облысының регбиден МБЖСМ –нің «Жетісу» командасы 3 орынды иеленді.

VIІ. 2019 жылғы 25-30 маусым күндері аралығында велоспорттан Щучинск қаласында ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан Республикасының V жазғы спартакиадасы және жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында Қазақстан Республикасының Ұлттық чемпионаты өтуде.

Аталған жарысқа республиканың облыстары мен қалаларынан 10 командада 90 спортшы қатысты. 26 маусым күнгі жарыс қорытындысы бойынша Алматы облысының спортшылары жекелей жарыста ерлер арасында Даниил Фоминых қола медальге, ал қыздар арасында Өсім Ақпейіл алтын медальге ие болды.

VIIІ. 2019 жылғы 23 маусым күні Алматы қаласында футболдан Премьер-Лигадағы командалар арасында Қазақстан Республикасы чемпионатының ХV тур ойындары өтті.

Аталған ойында Алматы облысының «Жетісу» және Алматы қаласының «Қайрат» командалары кездесіп, 0:0 есебімен ойын тең аяқталды.

Қайсар 1:1 Тараз
Eртіс 0:0 Шахтер
Атырау 1:1 Ақтөбе
Тобыл 2:0 Оқжетпес
Қайрат 0:0 Жетісу
Ордабасы 3:2 Астана

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2019. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.