Навигация

Федерации

Информация

Новости

Жаңалықтар

Категория: Новости
Дата: 29.09.2017
Просмотры: 16 Печать страницы

2017 жылғы 15-24 қыркүйек күндері аралығында Атырау қаласында тірек-қимыл аппараты және көру қабілеті зақымдалған мүгедек-спортшылар арасында Қазақстан Республикасының V Спартакиадасы өтті.

Аталған жарысқа еліміздің облыстары мен қалаларынан 16 командада 1500-ден астам спортшы қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша І орынды – Алматы облысы, ІІ орынды – Алматы қаласы, ІІІ орынды – Атырау облысы иеленді.

2017 жылы 17-27 қыркүйек күндері аралығында Ашхабад қаласында (Түркіменстан) жабық ғимараттағы және жауынгерлік өнерден V-ші жазғы Азия ойындары өтті.

Азия ойындарына 62 мемлекет қатысты. Аталған жарысқа Қазақстан құрама командасында 17 спорт түрінен 140 спортшы, оның ішінде Алматы облысынан 7 спорт түрінен 19 спортшы өнер көрсетті. 22 қыркүйек күні өткен жарыстың қорытындысы бойынша велоспорттың трек түрінен Сергей Понамарев күміс, 24-25 қыркүйек күндері – әйелдер күресінен 60 келі салмақ дәрежесінде Аяулым Қасымова күміс және 75 келі салмақ дәрежесінде Гүлмарал Еркебаева қола, 25-26 қыркүйек күндері – самбо күресінен әйелдер арасында 64 келі салмақ дәрежесінде Динара Жұмабаева және 68 келі салмақ дәрежесінде Дильдаш Құрышбаева алтын, 52 келі салмақ дәрежесінде Гүлнұр Ерболова қола, ерлер арасында 52 келі салмақ дәрежесінде Ербол Алдуханов қола, 25-26 қыркүйек күндері – грек-рим күресінен 80 келі салмақ дәрежесінде Асхат Ділмұхаметов және 130 келі салмақ дәрежесінде Нұрмахан Тыналиев қола медальдарға ие болды.

2017 жылғы 22-24 қыркүйек күндері аралығында Семей қаласында дзюдо күресінен ерлер мен әйелдер арасында «Аймақтық спорт колледжінің» жүлдесіне арналған республикалық турнир өтті.

Аталған жарысқа еліміздің облыстары мен қалаларынан 13 командада 130-ға жуық спортшы қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша Алматы облысынан 6 спортшы қатысып, әйелдер арасында 57 келі салмақ дәрежесінде Динара Бикен және 70 келі салмақ дәрежесінде Жанеля Набиева алтын, ерлер арасында 100 келі салмақ дәрежесінде Мадияр Шакенғалиев қола медальдарға ие болды.

. 2017 жылы 21-24 қыркүйек күндері аралығында Бишкек қаласында (Қырғызстан) грек-рим күресінен халықаралық турнир өтті.

Аталған жарысқа Өзбекстан, Қазақстан және Қырғызстан мемлекеттерінен 160-қа жуық спортшы қатысты. Алматы облысынан 14 спортшы қатысып, жарыс қорытындысы бойынша 2 алтын, 2 күміс, 4 қола медальдарға ие болды.

2017 жылғы 22-26 қыркүйек күндері аралығында Алматы облысы, Талғар ауданының «Ақбұлақ» спорттық-сауықтыру кешенінде биатлоннан Қазақстан Республикасының жазғы чемпионаты өтті.

Аталған жарысқа еліміздің облыстары мен қалаларынан 7 командада 86-ға жуық спортшы қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша Алматы облысынан 8 спортшы қатысып, спринт түрінен И. Либобарова қола медальға ие болды.

. 2017 жылғы 23-24 қыркүйек күндері Талдықорған қаласында тас жолдағы велоспорттан 2001-2002, 2003-2004 ж.т. жасөспірім ұлдар және қыздар арасында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері А.Кивилевты еске алуға арналған республикалық жарыс өтті.

Аталған жарысқа еліміздің облыстары мен қалаларынан 8 командада 80-ге жуық спортшы қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша Алматы облысының спортшылары 2001-2002 ж.т. жасөспірім ұлдар және қыздар арасында 4 алтын, 3 күміс, 3 қола, 2003-2004 ж.т. жасөспірім ұлдар арасында және қыздар арасында 4 алтын, 4 күміс, 2 қола медальдарға ие болды. Командалық есепте Алматы облысы 1 орынды жеңіп алды.

2017 жылғы 24 қыркүйек күні Талдықорған қаласында футболдан Бірінші Лигадағы командалар арасында Қазақстан Республикасы XXVІ Чемпионатының XXІІ тур ойындары өтті.

Алматы облысының «Жетісу» және Оңтүстік Қазақстан облысының «Қыран» командалары кездесіп, 3:0 есебімен «Жетісу» командасы жеңіске жетті.

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2017. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.