Дата: 31.10.2019
Категория: Новости
Просмотры: 49
І. 2019 жылғы 21-26 қазан күндері аралығында Талдықорған қаласында бокстан жастар арасында «Жетісу Кубогы» ХVІІ халықаралық турнирі өтті.
Аталған жарысқа Сингапур, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Қазақстаннан 170 спортшы қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша облыс спортшылары 5 алтын, 1 күміс және 5 қола медальдарды иеленді.
II. 2019 жылғы 27 қазан күні Талдықорған қаласында футболдан Премьер-Лигадағы командалар арасында Қазақстан Республикасы Чемпионатының ХХХІ-тур ойындары өтті.
Ойын барысында Алматы облысының «Жетісу» және Жамбыл облысының «Тараз» командалары кездесіп, 0:0 есебімен ойын тең аяқталды.
III. 2019 жылғы 24-27 қазан күндері аралығында Жамбыл облысының Бектөбе елді мекенінде құсбегіліктен «Бессайыс» атты Республикалық турнирі өтті.
Аталған жарысқа 7 облыстан 40 спортшы қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша Алматы облысының спортшылары 1 алтын, 1 қола медальдарды және командалық есепте 3 орынды иел...